Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биылғы оқу жылы студенттер үшін қалай басталады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 10:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды. Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтықтан білім алады. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі.

Алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді. Бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болады (бірнеше топ құрылады).

Жоғары оқу орындарында студенттер негізінен қашықтан оқыту форматында білім алады. Педагогикалық ғылымдар, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар қашықтан оқиды.

Табиғи, техникалық және аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар онлайн, зертханалық және практикалық сабақтар штаттық режимде өткізіледі.

Ал магистратура мен докторантура сабақтар ішінара қашықтықтан оқытылады. Интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі формата жүретін болады.


Жоғары қарай