Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биылғы жылыту маусымын сәтті өткізу үшін не істеу керек

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 11:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев күзгі-қысқы кезеңді сәтті өткізу іс-шараларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңді сәтті өткізу үшін келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Бірінші - электр станцияларындағы, электр желілеріндегі барлық жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындау. Екінші - отын жеткізушілер алдындағы берешекті азайту, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін төмендету», - деді министр.

Үшіншіден, ол елді мекендердің білім, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, әлеуметтік және мәдени сала объектілерін жылумен жабдықтау жүйесіне уақтылы қосуды қамтамасыз ету керектігін айтты.

«Төртінші - еліміздің тіршілік үшін өте маңызды коммуналдық нысандарын, әсіресе денсаулық сақтау нысандарын дербес электрмен жабдықтаудың резервтік көздерімен қамтамасыз ету. Бесінші, жылыту кезеңінде электр станцияларына, қазандықтарға және өңір халқының қажеттіліктеріне көмір мен мазуттың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету қажет, - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Жоғары қарай