Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Біз біргеміз: Ақмола облысында 4057 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді

2020 жылдың 25 сәуір 2020 21:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін арнайы, тікелей эфир ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партияның облыстық фииалының баспасөз қызмеіне сілтеме жасап.

Партия филиалының Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтарға мемлекет және облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен партияның «Біз біргеміз!» акциясы туралы толыққанды ақпарат берілді.

Тікелей эфирді 650-ден астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 400-ден астам сұрақ жолданды. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басым көпшілігіне нақты жауап берілді. Әсіресе, 42500 теңгені алу, әлеуметтік көмектерге қатысты сұрақтар көп болды. Сонымен қатар «Birgemiz» қоғамдық қорынан берілетін 50 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмекке байланысты сұрақтар да көптеп қойылды. Тікелей эфир барысында блокпосттан өту мәселесін көтергендер де болды. Жер алу, пәтер кезегіне тұру сұрақтары да қойылды.

«Тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қойылған әр сауалға нақты жауаптар беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.

Сұрақтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлуеметтік көмектер, 42500 жәрдемақысы және 15000 коммуналдық төлемақы, «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік және 50 мың теңге материалдық көмектері туралы болды», - дейді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсенова.

Жалпы «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша 4057 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік таныты.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы Көкшетау қаласының 2930 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық және аумақтық филиалдары тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдауда.


Жоғары қарай