Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Біз жаққа жіберсеңші бір трактор: ШҚО-да белуардан келетін қарды жырға қосқан ақынның видеосы тарады

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 22:09

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында қалың қарға қамалған ақынның қолына домбыра алып, өлеңдеткен видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы күндері Шығыс Қазақстанда толассыз қар жауып, жолдар жабылуда. Көкпекті ауданында қар тіпті белуардан келеді екен. Оны айтыскер ақын Фархат Маратұлының түсірген видосынан көруге болады.

Домбыра ұстаған ол былай деп жырлаған:

«Біз жақта қарлы боран бұрқырап тұр,

Фархат та домбырасын жұлқылап тұр.

Әкиматтың оң қолы - Мағжан қайда,

Біз жаққа жіберсеңші бір трактор, айхай-ахоу».

Қазіргі жағдайды білу үшін ақынның өзіне хабарласып көрдік.

- Кеше түні бойы жауған қар, бүгін де толастар емес. Соның салдарынан жолға шығайын деп отырған кей ауыл тұрғындары осында қамалып қалды. Мұндағы техникалардың қарды тазалауға мұршасы жетпей жатыр, - дейді Фархат Маратұлы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да қар құрсауынан 200-ден астам адам құтқарылған болатын.

Автор: Талғатжан Мұхаметбекұлы


Басты сөздер: Шығыс Қазақстан облысы,
Жоғары қарай