Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бизнес бастамалардың басым бөлігін әйелдер ұсынады – Ержан Біржанов

2021 жылдың 28 тамыз 2021 17:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бизнес бастамалардың басым бөлігін әйелдер ұсынады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүзеге асырылған жобаларға жиі сараптама жасап отырамын. Гранттар бойынша әйелдердің белсенділігі өте жоғары. Үй шаруашылығы, қоғамдық тамақтану бойынша. Бұл бағытта әйелдер біршама ақпаратқа қанық әрі қажеттілікті түсіне алады. Бүгінде сұлулық салоны, тігін цехында әйелдерді үлесі басым. Мәселен, Қостанайда грант алған бойжеткен шағын цех ашып, микрокөкөніспен айналысады. Бұл жаға бағыт. Ол қала мейрамханаларын аталған өніммен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта ол бизнесін кеңейтпек, шағын несие алғысы келеді. Бүгінде адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Меніңше, бұл жақсы бастама. Шығармашылық үйірмесіне ашқандарға қатысты мысал бар. Бұл тек экономикаға ғана емес сонымен бірге халықты рухани-мәдени ағартуға қосылған үлес», - деді Ержан Біржанов.

Оның атап өтінше, бизнес бастамалардың жартысынан көбін әйелдер ұсынады.

«Сонымен қатар жастарға да жақсы қолдау көрсетеміз. 20 мың гранттың 10 мыңын жастарға береміз. Бұған қосымша, жаңа бизнес-стартаптар іздеп, бастамаларын ұсынуы үшін жастар қанатымен қосымша жұмыс істейміз. Оларға көмектесеміз. Өйткені, мықты бизнесмен болып қалыптасу үшін үлкен қолдау қажет»,- деді вице-министр.


Жоғары қарай