Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бизнес субъектілерін Ashyq жобасына тартуды күшейту керек - Ералы Тоғжанов

2021 жылдың 10 маусым 2021 10:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бизнес субъектілерін Ashyq жобасына тартуды күшейту керек екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұған қабылданып жатқан кешенді шаралар, оның ішінде халықты вакциналау оң ықпал етуде. Бүгінде өңірлер вакцинамен толықтай қамтамасыз етілген. Республика бойынша күн сайын 68 мыңнан аса адам вакцина алып жатыр, оның ішінде бірінші компонент 44 мың», - деді Е. Тоғажанов.

Осы орайда ол өңір әкімдіктеріне тиісті тапсырмаларды беру керектігін атап өтті.

«Біріншіден, өңірлер халықты вакциналау қарқынын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет. Бұл бағыттағы жұмысты әкімдер жеке бақылауына алуы тиіс. Екіншіден, бизнес субъектілерін Ashyq жобасына тартуды күшейту керек. Үшіншіден, «Атамекен» ҰКП-мен бірге Ashyq жобасына қосылған кәсіпкерлер арасында қабылданған талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажетк», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол кәсіпкерлік субъектілер тарапынан қызметін заңсыз жүргізуді болдырмау мақсатында да мониторинг топтарының жұмысын күшейтудің маңызын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министр Асқар Мамин әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуы қажет екенін, әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтудің маңызын айтты. Барлық деңгейдегі әкімдерге вакцинация мәселесін жеке бақылауға алуы тапсырылды.



Жоғары қарай