Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бизнестің жол картасы-2025: Семейде кәсіпкерлердің 741 жобасы қолдау тапты

2022 жылдың 9 ақпан 2022 16:01

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 741 жобасына қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Кәсіпкерлер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әмина Сыздықова бизнес өкілдеріне қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтып берді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 14,3 млрд теңгеге 741 жобаға қолдау көрсетілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 74 жобасы қолдау тапты. Осылайша, 320,5 млн теңге сомасында несиелер берілген. Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 168 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. «Ақ ниет» бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 882,3 млн теңгеге 66 жоба қаржыландырылды, - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы бір жылда карантиндік шектеулерге қарамастан Семейде бірқатар ірі нысандар іске қосылған.

«Ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарын шығаратын «Yqylas-Invest» ЖШС жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба жабық типтегі мал бордақылау алаңының, қасапхана және тұшпара цехының кешенді құрылысын қарастырады. Бүгінгі күні 200 млн теңгеден астам инвестиция құйылды. Жобаны 2022 жылғы маусымда аяқтау жоспарланып отыр», - деді Әмина Сыздықова.

Сонымен қатар «QAZAQ ASTYQ GROUP» ЖШС мультидақылдарды өңдеудің автоматтандырылған кешенінің өндірісін іске қосқан. Қазіргі уақытта онда 20 мың тонна шамасында күнбағыс майы өндірілуде.


Жоғары қарай