Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 18:40

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Меритократия қағидатына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Тілепберген Каюпов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Тілепберген Ерсайұлы 1976 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін бухгалтер-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, БҚО қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Тілепберген Каюпов қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келгенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай