Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-да 266 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 22:51

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 266 325 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 64,2 пайызы.

Сондай-ақ 248 959 адам (60 пайыз) екінші компонентпен егілді.

Күні бүгін облыста 83 405 доза І, 125 035 доза ІІ компонент екпе бар.

Өңірде 42 546 адам ревакцинациядан өтті. Оған қоса 8 561 адам Pfizer вацинасын қабылдаса, соның 4 414-і – жасөспірімдер, 300-і – жүкті, 3 847-сі – бала емізетін әйелдер.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 47 053, соның ішінд биыл 6 983 науқас анықталды.

Қазіргі кезде 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 361 адам емделуде. Ауруханалар 48,1 пайызға толған. Жансақтау бөлімшесінде жатқан 16 науқастың 10-ы инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, төртеуі оттегі концентраторына қосылған.

Жыл басынан бері 9 адам коронавирустан көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жиналыс, конференцияларды өткізуге рұқсат берілгенін жазған болатынбыз.




Жоғары қарай