Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

БҚО-да 400-ден аса киік мүйізін алып бара жатқан браконьерлер ұсталды

2020 жылдың 21 мамыр 2020 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда «Киік» жедел іздестіру шарасы кезінде табиғат инспекторлары екі көлікке мінген браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 18 мамырында арнайы «Киік» жедел іздестіру шарасы барысында киік аулап, дериваттардың заңсыз айналымымен айналысқан Батыс Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Операция кезінде ресейлік «Ниссан», «Нива Шевроле» көліктерінен киіктің 434 мүйізі, мотоцикл, 5 қару (ішінде оптикамен көздеп ататыны да бар), әртүрлі калибрлі 293 патрон, түнде көре алатын құрылғы, радистанциялар, GPS навигатор, 7 мобильді телефон мен 2 планшет, ара мен пышақ, тағы басқа заттар табылды», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетерлігі, 15 сәуірден бастап Қазақстанда браконьерлікке қарсы «Киік» атты кең ауқымды акция жүргізіліп жатыр.








Жоғары қарай