Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да 5 үй ауласының өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 17:57

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 5 үйдің қорасындағы пішен мен сабанның, үй құстары мен малдың отқа орануына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 қыркүйекке қараған түні Достық ауылында белгісіз біреулер 5 үйдің шөп қораларына от қойған болатын.

Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің бастығы Сұлтан Шалдарбековтің айтуынша, қазіргі таңда қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Приурал полиция бөлімі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бір мезгілде 8 үйдің ауласы өртенгенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай