Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҚО-да 6 жасар бала мен жасөспірім суға кетті

2020 жылдың 7 шілде 2020 09:20

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда алты жасар бала мен жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиғалардың бірі 6 шілде күні сағат 20.30-да Рыбцех ауылында болды. Шаған өзенінің шомылуға жабдықталмаған тұсына 6 жасар ер бала батып кеткен.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағы (4 қызметкер, 1 техника, 1 жүзу құралы) барды. Баланың мүрдесін сағат 21.04-те туысқандары шығарып алған.

Екінші оқиға осы күні Орал қаласына қарасты Желаев кентінде болды. «Орыс моншасы» ауданында сағат 21.30-да 16 жастағы жасөспірім жасанды су қоймасынан шықпай қалды. Досымен бірге болған ол да жабдықталмаған жерде шомылған. Марқұмның денесін бір сағатқа жуық уақытта жергілікті тұрғындар судан шығарды.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері оқиға орнында болды.

Батыс Қазақстанда соңғы күндері аптап ыстық болғандықтан суға түсушілер де көбейді. Алайда сақтықты ұмытуға, әсіресе, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде екі адамның суға кеткенін жазған едік.


Жоғары қарай