Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 23 қараша 2020 16:19

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 72-сі – мектеп оқушылары, 9-ы – балабақша тәрбиеленушілері, екеуі – колледж студенттері.

Солардың ішінде 24-і жазылып шығып, сабақтарын жалғастыруда. Ауырғандардың басым көпшілігі – қашықтан оқитындар. Аз бөлігі штаттық режимде жұмыс жасайтын мектепте білім алады.

С.Темірғалиеваның сөзіне қарағанда, облыста 379 мемлекеттік мектеп болса, соның 251-і штаттық, 128-і қашықтан жұмыс жасайды.

Оқушылар саны 111 мыңнан астам болса, соның 20 пайызы (22868) штаттық режимде, 48 пайызы (53640) қашықтан оқытылуда.

Облыста бастауыш сынып шәкірттерінің 57 пайызы (34684), мектепалды даярлық сыныптарының 54 пайызы (4286) кезекші сыныптармен қамтылған.

Қашықтан оқитындардың 17959-ы қайтарымды негізде мектептер балансындағы компьютерлермен қамтылды. Бірінші кезекте компьютерлермен және интернетпен жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтамасыз етілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда санитарлық постар алынатынын, Оралда түнгі клубта демалғандар әжетханаға тығылғанын жазған болатынбыз.





Жоғары қарай