Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да алаяқ жұмысқа орналастырамын деп 35 тұрғынды алдап кеткен

2020 жылдың 25 қараша 2020 00:19

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында алаяқ жұмысқа орналастырамын деп 35 тұрғынның 4 млн-дай теңгесін иемденіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 25 жастағы Ш. биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында осыншама адамды ірі шетелдік компаниялардың біріне орналастырамын деп алдаған.

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторында отыр.

Тергеу мүддесіне сәйкес қалған ақпарат жарияланбайды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай