Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 14:32

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 16 қаңтар күні облыстың кей жерлерінде қалың тұман түсіп, жел оңтүстік-батыстан соғады.

Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Облыс орталығы Орал қаласында желдің екпіні 18 метрге жетеді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, тұрғындарға хабарланып жатқандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде жел күшейіп, боран соғатынын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай