Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да автокөлік өзенге құлап, бір адам қаза тапты

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 17:08

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік суға кетіп, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін, таңғы сағат 09.00 шамасында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болды.

Жайық өзенінен пароммен өтер кезде ВАЗ-2110 автокөлігінің тежегіші істемей қалып, суға түсіп кеткен.




Автокөлік иесі, 36 жастағы азамат Жанама ауылынан Тайпақ ауылына жұмысқа бара жатқан.

Сағат 12.15-те жедел құтқару жасағының күшімен (4 адам, 1 техника) марқұмның денесі көліктен шығарылды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, осы оқиға бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне әкеп соққан темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі жеңіл көлік түйісіп, 4 адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай