Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҚО-да әйелін кепілдікке алған ер адамның ісі сотқа жолданды

2020 жылдың 1 шілде 2020 19:31

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда әйелін кепілдікте ұстаған ер адамның ісі сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға ерлі-зайыпты Исламғалиевтердің ажырасуына байланысты отбасылық кикілжіңнен кейін болған.

2019 жылы 28 қараша күні сағат 13.10-да Ерлан Исламғалиев әйелі Ираиданың нотариалдық кеңсесінде оны пышақпен және гранатаға ұқсас затпен қорқытып, кепілдікке алған еді.

Полиция қызметкерлерінің сауатты іс-қимылы нәтижесінде тұтқынды босату кезінде арнайы құралдар мен атыс қаруы қолданылған жоқ. Алты сағаттан астам уақытқа созылған келіссөзден кейін Е.Исламғалиев әйелін босатты. Кейін өзі ұсталды.

Департамент бастығы Мақсұтхан Аблазимовтың айтуынша, тараптар берген барлық айыптаулар мен дәлелдемелер, отбасы тарихы мұқият зерделенді. Жәбірленуші күйеуін басқа да қылмыстар жасағанын айтқан. Тергеу барысында Е.Исламғалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды.

«Облыс прокуратурасы зерделегеннен кейін айыптау актісі бес бап (азаптау, бопсалау, кепілдікке алу немесе кепіл түрінде ұстау, өлтіремін деп қорқыту және зорлау) бойынша бекітіліп, іс БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жолданды», - деді М.Аблазимов.


Жоғары қарай