Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да бала кездегі досын өлтірген тұрғын 11 жылға сотталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 14:21

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін 36 жастағы Виталий Валитовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, В.Валитов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен В.Валитовқа жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Іс бейнебайланыс жүйесі арқылы қаралды.

Сот талқысында мәлім болғанындай, биылғы 26 маусым күні түскі уақытта В.Валитов Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылы Бейбітшілік көшесі 14-мекенжайында орналасқан қараусыз қалған үйдің ауласында өзінің бала кезіндегі досы А.Щука және оның жездесі Е.Самарцевпен бірге арақ ішкен.

Сағат 21.00 шамасында масайған Е.Самарцев үйіне кетіп, қалған екеуі отырысты жалғастырған. Бір сағаттай уақыт өткеннен кейін екеуінің арасында кикілжің туындап, В.Валитов А.Щуканың басынан екі рет ұрған. Сосын мойын тұсынан екі мәрте пышақ cалған. Соның салдарынан А.Щука оқиға орнында қаза тапқан.

Сотта В.Валитовтың кінәсі толық дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай