Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҚО-да ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

2020 жылдың 10 шілде 2020 20:12

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп «техниканың соңғы үлгісі» бойынша жабдықталған есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап.

Есірткі өндірушілер Теректі ауданында гараж және ауладағы үйді сатып алып, оны жасырын есірткі зертханасы етіп жабдықтаған. Зертхананың ерекшелігі – оның жабдықталуы мен тазалығы, ол өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі шығаруға есептелген.

Қайта жабдықталған жасырын зертханадан полиция қызметкерлері шыны ыдысы бар екі конструкцияны, сондай-ақ мұздатқыш камераны анықтады. «Зертхана» үй-жайында жасанды желдеткіш болған. Ауланың артқы жағына әрқайсысы 1000 литрден үш бак көмілген. Үйді және зертхананы тінту барысында ұнтақ тәрізді заттар, қоспалар, химиялық заттардың концентраттары, сондай-ақ химиялық реагенттері бар канистрлер, қорғаныш костюмдері, респираторлар мен зертханалық жабдықтар табылды.

Сонымен қатар, оқиға орнында 11,4 кг мефедрон синтетикалық есірткісі және 8,1 кг пировалерон алынды. Бұл – Қазақстанда тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі. Белгілі болғандай, есірткіні өндірумен біздің елімізге көктемде келген Украина азаматтары айналысқан, олар бірнеше жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, оларды синтетикалық есірткі өндіру бойынша қылмыстық іс-әрекетке қатыстырған.

Үй сатып алу, оларды жөндеу және басқа да жұмыстар таңқурай бұталарын өсіруге жағдай жасау үшін бүркемеленген. Ол үшін ЖШС тіркелген, ұсталғандар оған кент үйі мен автокөлікті рәсімдеген. Ұсталғандар бірнеше рет сынаудан кейін 2020 жылдың маусым айының соңында синтетикалық есірткі өндіре бастағанын мойындады. Осындай зертхананы полиция қызметкерлері мамыр айының соңында Алматы облысының Талғар ауданында жойған болатын.

нда зертханалық жабдықтар мен химикаттардан бөлек, сатуға дайын алты келіден астам мефедрон тәркіленді. Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде 413 млн теңгеден астам сомаға дайындалған синтетикалық есірткінің 120 мың дозасы есірткі тұтынушыларға жеткен жоқ.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу жалғасып жатыр.


Жоғары қарай