Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

БҚО-да кәсіпкердің отбасын өлтіріп кетті

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 13:00

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында кәсіпкердің отбасын өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 14 қаңтар күні кешкісін Бәйтерек ауданы Янайкин ауылында орын алды.

Жеке үйдегі өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан пышақталған үш адамның денелері табылды.

Олар 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, оның 65 жастағы әйелі Валентина және 42 жастағы ұлы Сергей болып шықты.

Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, А.Запрометов осы ауылда 1987 жылдардан бері тұрды. «Янайкин» кеңшарына басшылық етті. Кейін «Лесное» ЖШС-ын құрды.

Ауыл әкімі марқұмдарды жерлеуге көмек берілетінін айтты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жеке үйдегі өрт сөндіру кезінде зорлықпен өлтірілген 1953 және 1977 жылғы ер адамдардың, 1954 жылғы әйелдің зорлықпен өлтірілген денелері табылды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөліміне сәйкес (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, оған қатысы бар адамдарды жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.


Жоғары қарай