Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да қызметкер өзінің мектебінен 12 ноутбук жымқырып, 1,8 млн теңге залал келтірген

2021 жылдың 13 мамыр 2021 18:36

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қызметкер өзі жұмыс жасайтын мектептен 12 ноутбук жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Оралға қарасты Зачаган кентіндегі мектептердің бірінде болды.

Ұры компьютерлік сыныпқа еркін кіріп, 12 ноутбукты үптеп

кеткен.

«Қабылданған іс-шаралар барысында 30 жастағы күдікті ұсталды. Оның сол мектептің қызметкері екендігі анықталды. Қызметкер өз мектебіне 1,799 млн теңге залал келтірген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық)

сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да «вакцинадан полицей қайтыс болды» деп жалған ақпарат таратқан аудиожазба авторы ұсталғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай