Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да найзағайдан зақым алған киіктер тірідей көмілген – Министрлік тексеруді бастады

2021 жылдың 18 мамыр 2021 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда оқыстан мерт болған киіктердің ұшаларын жою кезінде тірі қалған киіктер де бірге көмілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.


Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың 13 мамырында БҚО Жәнібек ауданы Тау кентінің жанынан 372 өлген киік ұшасы табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, жануарлардың өлім себептерінің бірі осы аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты болуы мүмкін (нөсер жаңбыр мен найзағай), өйткені қаңқаларда найзағай разрядының ізі қалған.

Өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын Тау ауылдық округінің әкімдігі жүргізген.

«2021 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында оқыстан мерт болған жануарлардың өлі ұшаларын жою кезінде кездескен тірі киіктердің бейнежазбасы таратылды. Оқиғаға байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарларға жасалған кез келген қатыгездікті айыптайды және осы саладағы заңбұзушыларға төзбейтінін жеткізеді! Бұл мәселе комитеттің қатаң бақылауына алынды», - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми өкілі Самал Ибраева облыстық Полиция департаментіне шағым түсірілетінін, жазықсыз жануарларға салғырттық танытқандардың жазаланатынын жазды.




Жоғары қарай