Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

БҚО-да Ресейден 150 келі уылдырық жеткізбек болған қазақстандық азамат ұсталды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 17:38

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Ресейден 150 келі уылдырық жеткізбек болған қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029-әскери бөлім командирінің орынбасары Асқар Қазбековтің айтуынша, оқиға 26 ақпан күні шамамен сағат 23.15-те «Сырым» өткізу бекетінде орын алды.

«Газель» автокөлігін арнайы құралдармен тексеру барысында азық-түлік есебінде жасырылған жүк анықталды. Алты пластмасса контейнерін қараған кезде одан құжаттары жоқ 150 келідей ақсерке уылдырығы шықты. Оның құны алдын ала есеп бойынша 3,5 млн теңгені құрады.

«Қазақстандық азамат жүкті Ресейден Қазақстанға алып өтпек болған. Аталған оқиға тиісті органдарға хабарланды. Іс Бәйтерек ауданындағы Приурал полиция бөліміне тапсырылды», деді А.Қазбеков.









Жоғары қарай