Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да шекарадан медициналық құрал-жабдықтарды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 23:52

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шекарадан медициналық құрал-жабдықтарды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «Сырым» автокөлік өткізу бекетінде жалпы құны 1 млн 550 мың теңге тұратын 3100 дана медициналық қорғаныс костюмін алып кетудің жолы кесілді.

Бұдан басқа 12 млн теңге тұратын 800 дана пульсті оксиметрді қазақстандық азаматтың елден алып кетпек болғаны әшкереленді.

Шекарашылар сондай-ақ «Сырым» бекетінде 1 мың ПЦР-тестінің шет ел асып кетуіне тосқауыл қойды. Алдын ала есеп бойынша мұның құны 5 млн 74,480 мың теңгені құрайды.

Ұсталған жүк пен көлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қараша айында 355 адамның коронавирустан жазылып шыққанын жазған болатынбыз.










Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Медицина,
Жоғары қарай