Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да соңғы төрт күнде 350-ден астам адамнан коронавирус анықталды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 12:30

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 352 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, осының басым көпшілігі немесе 208-і ЖРВИ белгілерімен тексерілген кезде анықталды.

Сондай-ақ 107-сі профилактикалық мақсатта қаралған. 35-і бұрын ауырғандармен байланыста болса, екеуінен эпидемиологиялық қадағалау бойынша сынама алынған.

Сырқаттанғандардың 149-ы Орал қаласында, 43-і Бөрлі, 40-ы Бәйтерек, 33-і Шыңғырлау ауданында тіркелген.

Департамент мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері КВИ жұқтырған 36 793 науқастың 28 821-і жазылып шықты. 732-сі көз жұмды.

Барлық ауырғандардың 18 512-сі Орал қаласы, 4849-ы Бәйтерек, 4490-ы Бөрлі, 1676-сы Теректі, 1329-ы Ақжайық, 1098-і Шыңғырлау, 1081-і Казталов, 1015-і Тасқала ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 40 науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай