Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-да тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау бюджеті 12,5 есе өсті

2021 жылдың 14 желтоқсан 2021 14:18

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау саласының бюджеті 12,5 есе өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Арман Қалибеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, сала бюджеті 2005 жылы 6,6 млрд теңге болса, өткен жылы 59,2 млрд, биыл 82,6 млрд теңгеге жетті.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін соңғы бес жылда 200 санитариялық автокөлік сатып алынды, 79 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, емдеу орындары медициналық жабдықтармен 85 пайызға жарақтандырылды, 4 мыңнан астам түрлі медициналық жабдық сатып алынды.

Ауыл тұрғындарына уақтылы және сапалы қызмет көрсету мақсатында облыста 12 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Жыл сайын шалғайдағы елді мекендердің 50 мыңға жуық тұрғыны қамтылады.

«Тәуелсіздік жылдары өңірде 110 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Соның ішінде 13 аурухана, 5 емхана, 19 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 59 медициналық пункт және басқа нысандар бар. Облыстың денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін арттыру мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Күні бүгін 1746 дәрігер, 6581 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді», - деді А.Қалибеков.



Жоғары қарай