Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да Теңіз кен орны мен Ресейден келген 10 адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 13:05

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы коронавирус жұқтырған 22 адамның 10-ы Теңіз кен орны мен Ресейден келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, соның ішінде жетеуі – Теңіз кен орнынан келген өңір тұрғындары.

Көршілес Атырау облысынан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Тағы үш адам – Ресейде жұмыс істейтін 1990, 1986 және 1967 жылғы азаматтар. Самара облысымен шектесетін «Сырым» автоөткелінен өткен кезде денсаулықтарына шағымы болмағанмен, жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жеткізілген.

Сондай-ақ 22 адамның 12-сі – бұрын коронавируспен жұқтырған науқастармен байланыста болған. Соның ішінде бесеуі – медицина қызметкерлері.

Барлық 22 адам да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылып, олармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Өңірде індетке қарсы шаралар жалғасуда.

Осылайша, Батыс Қазақстанда ауырғандар саны 310-ға жетіп, соның 137-сі сауығып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Ресейден келген түркістандық студенттен коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай