Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

БҚО-да тұман түсіп, жел күшейеді

2020 жылдың 5 сәуір 2020 18:37

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында дүйсенбі күні тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша өңірдің кей жерінде тұман түсумен бірге солтүстік-батыс және солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Орал қаласында да желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.

Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты жұмысын, электр және байланыс желілерінің үзілмеуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар алынуда.

Жоғары қарай