Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам мен 39 жылқы жанып кетті

2021 жылдың 16 мамыр 2021 14:05

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, екі адам, 39 жылқы, жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 мамыр күні сағат 23.56-да Самара-Шымкент жолының 464-шақырымында Қаратөбе ауданы аумағында болған.

Тіркемесіне 40 жылқы тиелген «КамАЗ» және бос келе жатқан Mersedes-Benz Actros (Түркия) жүк көліктері соқтығысып, түгелдей отқа оранды.




Соның салдарынан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесіндегі 39 бас жылқы жанып кеткен.

Автокөліктерден өртеніп кеткен екі адамның мәйіті алынды.

Бір адам түрлі жарақатпен Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың кім екені анықталып жатыр.

Бүгін сағат 04.47-де өрт толықтай ауыздықталды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде департамент басшыларының бәрі сол жерде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 3 жасар баланың септикке түсіп кеткенін жазған болатынбыз.





Жоғары қарай