Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да үйдің жертөлесінен ер адамның мүрдесі табылды

2020 жылдың 28 қазан 2020 23:16

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда зорлық белгілері бар ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні «Құрылысшы» шағынауданында болды.

Сағат 08.30-да осындағы үйлердің бірінің жертөлесінен зорлық белгілерімен 36 жастағы тұрғынның денесі табылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес күдікті Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаментінен тағы бір оқиға жөнінде хабарлады. Сол күні сағат 15.30 шамасында Мұхит көшесі бойында «КазИИТУ» ғимараты жанында белгісіз біреу 29 жастағы азаматқа іш тұсынан, білегінен және басынан шөлмектің сынығымен жарақат келтірген.

Жәбірленуші облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бұған күдікті ретінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жастағы СҚО тұрғыны қолға түсіп, ол да қамауға алынды.

Бұл оқиға бойынша да ҚР ҚК 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда төртінші қабаттан секірмек болған 32 жастағы әйелдің құтқарылғанын жазған едік.


Жоғары қарай