Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

БҚО-да заңсыз ойын бизнесінен 4,9 млн теңге табыс тапқан тұрғын сотталды

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 12:44

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 4,9 млн теңге табыс тапқан тұрғын сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі Жаңақала ауданында анықталған.

Д. деген азамат 2017 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың наурызы аралығында Жаңақала ауылындағы «Бозбаев» кафесінде заңсыз ойын бизнесін (кено, ұтыс дөңгелегі, тотализатор жәнебасқа) ұйымдастырып, 4,9 млн теңге табыс түсірген.

Аталған тұрғын бұған өзі басшылық жасайтын «Inbet.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС арнайы құрал-жабдықтарын, компьютерлік техникалары мен мамандарын пайдаланған.

Жаңақала аудандық сотының үкімімен Д. ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 3, 4-тармақтарына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес айыпты деп танылып, оған 1 млн 10 мың теңге айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.


Жоғары қарай