БҚО-да жел күшейіп, боран соғады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 13 қаңтар күні өңірдің кей жерлерінде боран болып, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Оралда да күндіз боран соғып, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тиісті шаралардың қолға алынып жатқандығын хабарлады.