Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҚО-да жел мектептің шатырын жұлып әкетті

2019 жылдың 10 шілде 2019 16:53

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында күшті жел үйлер мен мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 16.10-да Бәйтерек ауданында болды.

Атап айтқанда, Көшім ауылдық округіне қарасты Өркен елді мекенінде Абылай хан көшесі 17-мекенжайында қоспәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің 50 шаршы метрді қамтыған шатыры құлады. Үйдің жалпы алаңы - 172 шаршы метр. Мұнда желдің жылдамдығы секундына 12 метрге жеткен.

Сондай-ақ Мичурин ауылы Қазақстан көшесі 1-мекенжайында орын тепкен үш қабатты орта мектептің шатыры (аумағы - 240 шаршы метр) жұлынды. Ғимараттың жалпы алаңы - 6 мың шаршы метр.

Осы ауылдағы Светлая көшесі 16-мекенжайында қос қабатты тұрғын үйдің шатыры да (150 шаршы метр) сыпырылып түсті. Үйдің жалпы алаңы - 150 шаршы метр.

Орал қаласына тиіп тұрған бұл ауылда желдің екпіні секундына 17 метрге жеткен. Оқиғалардан зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шалқар көлінде желдің әсерімен үрлемелі қайықпен ығып кеткен төрт адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.




null


null


null

Жоғары қарай