Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 18:30

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Бөрлі-Пугачев жолы бойында, Пугачев ауылы маңында 19 қаңтар күні болды.

«ВАЗ-2109» және «Лада Ларгус» автокөліктері түйіскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына қос бірдей жедел жәрдем бригадасы жетті. Пугачев ауылынан да медицина қызметкері шықты.

Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Оған қоса 2001 және 2004 жылғы қыздар, 1996 жылғы жігіт пен 1988 жылғы ер адам түрлі жарақаттармен Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.


Жоғары қарай