Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 21:46

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидасына сәйкес Арман Қалибеков БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Арман Талғатұлы 1974 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын педиатрия мамандығы бойынша тәмамдаған.

​Әр жылдары Тасқала ауданы «Камен» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы» МКҚК директоры, БҚО диагностикалық орталығының дәрігер-рентгенологі, осы орталық директоры,

шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК директоры, «№4 қалалақ емханасы» МКК директоры және «Көпбейінді қалалық

аурухана» МКК директоры болып жұмыс істеді.

Күні бүгінге дейін БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай