Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 21 қазан 2021 19:54

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Меритократия қағидасына сәйкес облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Есенғалиев БҚО қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Нұрлан Мұхитұлы 1982 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Орал қаласы қаржы бөлімі материалдық өндіріс салалары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маман-экономисі, жекешелендіру және коммуналдық меншікті жалға беру бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық жұмысы бөлімінің бас маманы, БҚО қаржы басқармасы коммуналдық меншікті басқару және мүлікті жалдау бөлімінің бас маманы, Орал қаласы қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі, Бөрлі ауданы қаржы бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2018 жылдан осы кезге дейін БҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Жаңақала ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай