Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО полицейлері жоғалып кеткен 26 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды

2021 жылдың 20 маусым 2021 16:27

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалып кеткен 26 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға Теректі ауданына қарасты Еңбек ауылында болды.

Үш тұрғын 9,7 млн теңге тұратын осыншама малдың жоғалғаны жөнінде полицияға шағым түсірген.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, алайда мал ұрлығы анықталмады.

«Малды іздеуге Еңбек полиция бөлімінің жеке құрамы, БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында мал даладан табылды. Мал ұрлығы ауыр қылмыстар қатарына жатады. Оны ашу үшін едәуір күш жұмсалады, полицейлердің уақыты кетеді. Облыста малдың 80 пайызы еркін жайылымнан ұрланады. Сондықтан тұрғындар өз малын бетімен жібермеуі тиіс», деді Б.Белгібеков.





Жылқы иелеріне қатысты малды жаю және ұстау ережесін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 408-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын профессор Жасқайрат Сүндетұлының халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету өте маңызды мәселе екендігі туралы ой-толғамын берген болатынбыз.



Жоғары қарай