Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО полициясы Жайықтан табылған адамның кім екенін 4 күннен бері анықтай алмай отыр

2021 жылдың 18 шілде 2021 16:00

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніне батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті суға кеткен адамның кім екенін анықтай алмай отыр.

Бұл жайында ведомство Instagram парақшасында мәлім етті.

«14 шілде күні сағат 18:20 шамасында Пугачев көшесіндегі Жайық өзенінің жағасынан ер адамның денесі табылды. Оның түр-келбеті - еуропалық, шашының түсі - сары-қоңыр. Шамамен 35-40 жаста. Мойнында крест кулонды күміс алқасы бар» деп хабарлады полиция департаментінен.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін келбеті марқұмға ұқсас адамды іздеп, ешкім полицияға қоңырау шалмаған.

Оқиға куәгері болған немесе ол жайлы қандай да бір ақпарат білетін жан болса, 102 немесе 8707 881 66 66 нөміріне қоңырау шалғаны абзал.


Жоғары қарай