Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО шенеуніктері Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық шенеуніктер жарылыстан кейінгі Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 млн теңгеден астам сомадағы аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып жымқырған», - деді ол.


Жоғары қарай