Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

БҚО тұрғыны атыраулықтарды интернет арқылы 15 мәрте алдаған

2020 жылдың 15 ақпан 2020 02:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда алаяқтар жасайтын қылмыстық әрекеттер азаяр емес. Өңір тұрғындары әсіресе, интернет желісіндегі алаяқтарға жиі алданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиевтің айтуынша, алаяқтардың қатысуымен 1215 қылмыс тіркелген. Соның ішінде интернет желісімен 452 қылмыс жасалған.

«Алаяқтық қылмысты өзге өңірден келгендер де жасайды. Мәселен, былтыр жедел іздестіру барысында ұсталған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны атыраулықтарды әлеуметтік желі арқылы 15 рет алдаған. Сондай-ақ, алаяқтардың қатарында Алматы мен Маңғыстау облысының тұрғындары да бар. Ал, Атыраудан 4 алаяқ ұсталды» -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиев.


Автор: Жолдасбек Көшербайұлы


Жоғары қарай