Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО тұрғыны жарты тонна балықпен ұсталды

2021 жылдың 1 қыркүйек 2021 22:50

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО тұрғыны жарты тонна балықпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Орал қаласында С.Штыб көшесі бойында болды.

Ақжайық ауданының 29 жастағы тұрғыны жүргізген «Фольксваген Шаран» автокөлігін қарау кезінде 500 кг қара балық табылды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігіне (балықты заңсыз аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі жасөспірімнің ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.










Жоғары қарай