Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

Блогерлер бәйгесі: Ең үздік видео үшін жүлде - 1 млн теңге

2019 жылдың 6 тамыз 2019 16:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәйге шарты бойынша қатысушылар туған қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеоролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, туған жерінің туристер үшін қандай қызықтары бар туралы айтып беруі қажет», делінген хабарламада.

Ең үздік видеоролик авторы бас жүлдеге 1 млн теңге алады, екінші орын иесі – 500 мың теңге, ал үшінші орын иесі – 300 мың теңге алады. Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының даумына қатысты мамандардың кеңестерін алады.

Бәйгенің мақсаты – Қазақстанда видео блог саласын дамыту, жаңа таланттарды ашып, дарынды жастарды қолдау және Қазақстандағы туризм туралы қызықты видеоақпарат санын арттыру.

Жеңімпаздарды құттықтау салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанды аша отырып» атты халықаралық блогерлер форумында өтеді.

Жарысқа қатысатын жұмыстар тамыздың 12-ші жұлдызына дейін қабылданады. Бәйгеге жасы 18-ге толған еліміздің барлық азаматтары қатыса алады.

Байқау туралы толық ақпаратты сайттан білуге болады.

Жоғары қарай