Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Блок-бекет арқылы елордаға заңды түрде кімдер кіре алады

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордаға блок-бекет арқылы кімдердің заңды түрде кіре алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Блок-бекеттен тек заңды түрде өтуге болады. Әртүрлі жағдай кездеседі. Біраз күн бұрын бір таксист 50 мың теңге беріп, блок-бекеттен өтіп кетпек болған. Бірақ оның әрекетіне тосқауыл қойылып, таксист 15 күнге қамалды. Ал өтіп кетпек болған басқа азаматтармен полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Бізге дрондар көмектеседі. «Сергек» камералары бар. Қатаң бақылау қойылған. Блок-бекеттен заңсыз өту мүмкін емес!» - деді Алтай Көлгінов Тенгриньюс.кз порталына берген тікелей эфирдегі сұхбатында.

Шаһар басшысы сонымен қатар блок-бекет арқылы кімдердің заңды түрде қалаға кіре алатынын айтып берді.

«Блок-бекеттен ең бірінші кезекте өтетіндер – азық-түлік пен тауар әкелушілер. Олар кедергісіз кіре алады. Олар үшін – «жасыл дәліз». Оның өзінде жүк көлігі кіріп, жүкті түсіріп, қайта шығып кетуі тиіс. Транзиттік ағым бойынша да сол. Біздің қалада 87 шақырымдық айналма жолдың барын білесіз. Қарағанды немесе Көкшетау жақтан келетіндер Павлодар жаққа транзитпен қалаға кірмей-ақ айналма жолмен кете алады», - деді ол.

Алтай Көлгінов сондай-ақ іссапарда немесе отбасылық жағдайға байланысты басқа қалада болғандарды арнайы рұқсатпен қалаға кіргізіп, шығаруға болатынын жеткізді.



Жоғары қарай