Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Блок-бекеттерге қатысты жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр - Ержан Сәденов

2020 жылдың 31 наурыз 2020 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Блок-бекеттерден тамыр-таныс арқылы өту мүмкін емес. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде тілшілер блок-бекеттерден тамыр-таныс арқылы өту мүмкін деген ақпарат тарағанын, осы орайда бұл қауесет қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

«Осы тектес жалған ақпараттар тараған болатын. Біз осындай жалған ақпарат таратқандарды іздеп табамыз. Бізде жеке қауіпсіздік басқармасы бар. Осындай әр мәліметті толық әрі нақты тексереміз. Жалпы, ондай фактілер жоқ, болуы да мүмкін емес деп сендіргім келеді», - деді Е. Сәденов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапқа тартылды.

Белгілі болғандай, блок-бекеттерде 98 адам жазаға тартылды, оның ішінде 80 адам қамалды, 14 адамға айыппұл салынды, 4 іс сотта қаралуда.

Сонымен қатар, қалада 30 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.


Жоғары қарай