Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Блокпоста қаза тапқан 2 полицейдің отбасына пәтер беріледі – Алматы әкімі

2020 жылдың 27 мамыр 2020 16:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі онлайн брифинг барысында блокпоста болған апаттан қайтыс болған екі полиция қызметкерінің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі көз жұмған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.

«Өте өкінішті жағдай. Отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Қала әкімдігі бұл бағытта жұмыс жасады. Кәсіпкерлер тарапынан екі отбасыға 2 пәтер алып беру туралы ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ, туыстар тарапынан айтылған барлық қаржылық мәселелерге барынша көмек көрсететін боламыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салсақ, 25 мамырда екі полиция қызметкері қаза тапқан Алматы облысындағы блокпостағы қайғылы оқиға байланысты 3 лауазымды қызметкердің жұмыстан кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Қайғылы оқиға 25 мамыр күні таңға жуық № 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып, сол екпінімен патрульдік полиция көлігін қаққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды. Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Апатқа кінәлі жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген.

Ал бүгін ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев осы оқиғаға байланысты ПД бірқатар лауазымды тұлғасын қызметінен босатты. ПД басшысы мен ресми өкілінеқатаң сөгіс жарияланды



Жоғары қарай