Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Блокпостағы көлік апаты: Жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген

2020 жылдың 26 мамыр 2020 09:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы аумағындағы блокпосты қиратып, екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі 1994 жылы туыған азамат, бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Алайда ол өз міндеттіне немқұрайлық танытқаны үшін жұмыстан босатылған.

«Өткізу пунктінде болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ, ең өкініштісі, жантүршігерлік апатты жасаған жүргізуші бұрын полицияда істеген. Ол полицияда алты жыл қызмет етті, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, ол рульге мас күйінде отырып, қылмыс жасады «, - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Қанат Таймерденовтың айтуынша, екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады). Қазір ол қамауда.

Еске салсақ, кеше ғана Алматы полициясы мас жүргізушінің полиция қызметкері емес деген болатын.

Қайғылы оқиға 25 мамыр күні таңға жуы № 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды .

Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Жоғары қарай