Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бокс кешін еліміздің спортшылары жеңіспен бастады

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған кәсіпқой бокс кеші басталды. Қазақстан боксшылары бұл доданы жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, кеш аясында Қазақстанның 14 (13 жұп) боксшысының өнерін тамашалауға болады.

Ел кәсіпқой боксының тарихында араға 20 жыл салып алғаш рет 55,3 келі салмақ дәрежесі бойынша Ержан Залилов пен Ескендір Харсан Қазақстан чемпионы атағына KFPB титулы үшін таласқа түседі.

Атап айтқанда, бүгін 21 жастағы Елхан Табынбаев Әзербайжаннан келген Эльмар Абдуллаевпен қолғап түйістіріп, төрт раундқа созылған жекпе-жекте Е. Табынбаев басым түсті.

Кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай