Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Бокс: Ресейдегі әлем чемпионатында бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында үш боксшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бокс федерациясы хабарлағандай, бүгін Қазақстан сапынан үш боксшы шаршы алаңға шығады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталған күндізгі сессияда 57 келіде ел намысын қорғап жатқан Қайрат Ерәлиев сынға түсті. Ол венесуэлалық Иоэль Финол Риваспен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сағат 20:00-де басталатын сессияда Қазақстан сапынан бір емес, екі бірдей боксшы жұдырықтасады. Оның бірі 81 келідегі боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов болса, екіншісі 91 келідегі Василий Левит.

Нұрдәулетов венесуэлалық Корбай Баррермен қолғап түйістірсе, Левит словакиялық Давид Михалекпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, кеше бокстан әлем чемпионатының алтыншы күні 52 келідегі Сәкен Бибосынов, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зәкір Сафиуллин және 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Тұрсынбай Құлахмет келесі айналымдарға өткен болатын.



Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Бокс, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай