Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Боксшылар бір уақытта бір-бірін нокдаунға жіберді

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 09:38

КАНБЕРРА. ҚазАқпарат – 3 желтоқсанда Нортбриджде (Аустралия) Джо Маккой мен Фано Кори арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат championat.com сайтына сілтеме жасап.

Екінші раундта күтпеген жағдай болды: спортшылар бір уақытта бір-біріне соққы жұмсап, екеуі де рингте құлап түсті. Рефери алғашқыда абдырап қалды, бірақ кейін бір уақытта екі боксшыға есеп ашты.

Видеоны «Инстаграмдағы» dragonfire_boxing парақшасынан көруге болады. Видео Dragon Fire Boxing PTY LTD тиесілі. Танымал жергілікті промоутер Тони Тольж мұндай жағдайды алғаш рет көріп отырғанын мәлімдеді.

Айқас аяқталғаннан кейін төрешілер ұзақ уақыт ақылдасып, нәтижесінде жеңімпазды анықтай алмады. Кори бұл жекпе-жекте үш рет нокдаунға түсті. Бұған дейін UFC-те Йонас Билхариньо мен Ханаан Кавайхэ бір-бірін нокаутқа жіберді.



Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай