Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін үш қазақстандық шаршы алаңға шығады

2021 жылдың 28 қазан 2021 09:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов және Нұрлан Сапарбай шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сессияда 1/16 финалда Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда жапониялық Реито Цуцумимен шеберлік байқасады.

Бұдан бұрын Серік моңғолиялық Энх-Амар Хархуумды қапы қалдырған еді.

Сондай-ақ, 1/16 финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездеседі. Ол бұған дейін Тайбэйден келген Ю Линьнің осал тұсын тапты.

Айта кетсек, күндізгі сессия елорда уақытымен 17:00-де басталса, кешкісі 22:00-де ойналады.

Жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадоға есе жіберді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай